Жер бетінен қанша арманды өшірдің? – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Жер бетінен қанша арманды өшірдің?» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Жер бетінен қанша арманды өшірдің?
Қанша адамды көрместей ғып өш қылдың?
Біз солайша өмір сүрдік арбасып,
Ешкім бірақ айта алмады шешімін...

Бейуақтай жұмбақтанып, сұрланып,
Қарау өмір қымтана түс,бұлданып,
Мен ешкімнен сұрамадым кешірім,
Кешірімсіз дүниеден үлгі алып.

Үлгі алдым мінезінен тағдырдың,
Тағдыр болмай тандыр болып қалғырдың,
Ойран заман ойбайынан үйрендім,
Кейіпіне ұқсас қыңыр-қисық түрге ендім.

Тастан қатты,жастан ащы қастарды,
Көре-көре тасқа айналдым сұмдық-ай,
Кеше –кеше батпақ-сатпақ лас жолды,
Ласқа айналдым кешір, өзің бір Құдай?

2003 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері