Бұра тартқыш жақынға
Бұл бетте «Бұра тартқыш жақынға» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұра тартқыш жақынға,
Тек сенікі мақұл ма?
Қарамай ру,жеріме,
Менікін де мақұлда.
Ұлтсыз қоғам қоғам ба?
Қасиетімді тонама,
Сойылыңды жат жұртқа,
Бірге арнайық онан да.
Тәңірсінер далаға,
Жер сенікі ғана ма?
Салқындатпас араны,
Сезім керек санаға.
Салып ескі салтыңа,
Алыстама жақында.
Қайтсем перзент бола алам,
Есеймейтін халқыма?!
2002-2003 ж.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі