Бұл бетте «Аспан құсын тау көрер» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған табиғат туралы өлең берілген.
Аспан құсын тау көрер,
Жер торғайы жау көрер.
Сансыз мөлдір өзектер,
Жоталарға әр берер.
Құрғамайтын көлдерім,
Шүпілдеген кенерің.
Түнде жауған ақша қар,
Ерімейтін шөлдемін.
Тау алқабын кешіп кеп,
Тымық желмен есіп кеп,
Көкораймен көрістім,
Жылға жаққа көшіп кеп.
Тартып асау айылын,
Мәпелейді бай ұлын.
Табиғатпен жарасып,
Жаным тапты жайылым.
Айықтырар наладан,
Жұпар иісті ауа бар.
Туысқаным тау менен
Орын таптым даладан.
2011 ж.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі