Жарығым, жаным, бал күнім – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Жарығым, жаным, бал күнім» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 863
Жарығым, жаным, бал күнім,
Ішінде өстің дауылдың,
Есімде бәрі ап-анық:
Ішкізген саған балды уын...

От кешкен бала шағым-ай,
Арманнан жүрер арылмай,
Шыңына ғана талпынтқан,
Өр Алтай,
Боғда Тауым-ай!

Көз жаздым мәңгі сендерден,
Бөлек қой,бірақ, ел деген.
Кіршіксіз балғын өмір-ай,
Құдіретті едің недеген?

Есіме алсам егіліп,
Кеудемді ащы дертіп мұң,
Туған жерге белгі ғып,
Алтайға тастап кетіппін.

2002 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері