Қанға тартқан ұлтшыл ердің өзегі ем
Бұл бетте «Қанға тартқан ұлтшыл ердің өзегі ем» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қанға тартқан ұлтшыл ердің өзегі ем,
Рухтылардың көзі ем мен,
Қас дұспанмен бал жаласқан сатқындар,
Билік еткен ғасырымнан біржола,
Көз көрмеске безер ме ем?
Ар мен Рухтың алдаспаны тілімде,
Тілім-тілім тілімделді бүгінде.
Жетім ұлттың көріп жасып, сасқанын,
Жүз тіріліп, жүз өлемін күнінде.
Биік болшы?
«Елім!»- деп бас иейін,
Күйік болсаң күл болғанша күйейін.
«Өзім»- деші,
«Өренім!»- деп басыңа,
Көтер мені?
Маңдайыңан сүйейін!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі