Бұл бетте «Сен Ұшақсың» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
19.04.2021
0
0
929
Сен Ұшақсың,
Мен Құспын,
Екеуміз де ұшамыз.
Күннен жұтып өрт ұшқын,
Бұлттан мамық құшамыз.
Қонарыңды қай жаққа,
Сен білесің қалайда,
Қонарымды қай отқа,
Мен білмеймін алайда.
Сен сіңбедің орманға,
Мен сіңбедім қоғамға,
Сен темірсің, мен адам,
...Айырмамыз сол ғана.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі