Бұл бетте «Әлдеқайда жеңіл мына қоғамды» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлдеқайда жеңіл мына қоғамды,
Мас адамның көзіменен қараған.
Бәрі ішкен, мен де ішем,
Жалаңды,
Уақытша ұмытуым үшін мен,
Адамдарға риза болып,
Сау емес,
Мас кезіңде түсінген.
Саудан емес, сол мастардан сұраңдар,
Замананың шындықтарын жылаған.
Жаман болса ішкендер мен құйғандар,
Ішкізгендер онан да өткен сорақы,
Сендер сонша кірлеп, таптап, былғаған,
Толы еткен парасатсыз үкімге,
Мына өмірді сау адамның көзімен,
Көру айтшы мүмкін бе?
2011 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі