Бұл бетте «Гүлдің түсі қып-қызыл» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Гүлдің түсі қып-қызыл,
Күннің түсі қып-қызыл,
Ерініңнің іш-сырты,
Тілдің түсі қып-қызыл.
Гүлдің тісі сап-сары,
Күннің тісі сап-сары,
Жүрегімнің іш-сырты,
Жырдың түсі сап-сары.
Жердің түсі қап-қара,
Шердің түсі қап-қара,
Екі дүние ортасы,
Көрдің түсі қап-қара.
Қанның түсі қып-қызыл,
Зардың түсі сап-сары,
Жаудың тісі ұп-ұзын,
Сартап күнге қақталған,
Менің түсім ақ сары.
2016 ж.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі