Алдымнан шықты кіл бөтен – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Алдымнан шықты кіл бөтен» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 796
Алдымнан шықты кіл бөтен,
Осы бір жолмен күнде өтем...
Құйғыта қашып барады,
Қу жаны үшін бір бөкен.

Дүние бөтен, кекті еткен,
Өзім де бөтен боп кеткем.
Мен жүруге тиіс жолдардың,
Тікенектері көп неткен.

2015 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері