Ұсталып қалған қаша алмай – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Ұсталып қалған қаша алмай» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Ұсталып қалған қаша алмай,
Киіктің көзі сындымын.
Запыраннан да, балдан да,
Босаған шөлмек сындымын.

Лақтырылған талауға,
Бөкеннің өзі сындымын,
Жазықсыз түскен қамауға,
Тұтқынның көзі сындымын.

Тұрайын деп ем ұмсынып:
Сағаттың тілін санап құр,
Қуарған жүзі күрсініп,
Терезеден гүл қарап тұр.

2016 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері