Күн өлмейді біз екеуміз өлсек те

Бұл бетте «Күн өлмейді біз екеуміз өлсек те» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 746
Күн өлмейді біз екеуміз өлсек те,
Бақыт құсы адасып кеп қонса-шы?
Күнсіз мұңның болатынын көрсек те,
Бұлтсыз күннің туар шағы болса-шы?

Саған ғана жарығымды төгемін,
Қайта оятып жаздың жасыл желегін,
Сен келердей ар жағынан Алтайдың,
Дайындалып,
Күннен бұрым өремін.

Біз өшсек те, күн шуағы жоғалмас,
Күн шуақтан шарап ішіп, болам мас,
Бәрі қайта оралса да сен берген:
Балдай тәтті қайғым қайта оралмас...

2016 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері