Көкшенің көлге тұнған даласында – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Көкшенің көлге тұнған даласында» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Көкшенің көлге тұнған даласында,
Көз алдың көрме десем, нанасың ба?!
Сексен көл сексен қаздай саңқылдаса,
Айнакөл – аққу сынды арасында!
Көкше осы – көк мұнарға дала тұнған,
Аспандай көк бояудан жаратылған.
Сексен көл – сексен жұлдыз жарқыраса,
Айнакөл – толған айдай дара тұрған!
Өй, мынау, өңім бе еді, түсім бе еді,
Аңқыған әтір, әйбат мүсіндері:
Сексен көл сексен сұлу серуендеген,
Айнакөл – Ақтоқты ару ішіндегі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері