Миллиард ұны – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Миллиард ұны» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 657
Ырыс тасып кеше бұл қыр, белеңнен,
Ырыздыққа ер елім шын кенелген.
Бүгін енді сол жерде ақпаныңның
Ақ түтегі басталды дүрбелеңмен.
Боран ба бұл, қыс – күйші күймен ашқан,
Той емес пе, тоғайлар биге басқан.
Миллиард ұнын мінекей, жатыр елеп:
Дала – наубай, бұлт – елек, диірмен – аспан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері