Дәлеледеп келем – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Дәлеледеп келем» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Ұнатам әлі тазаны ғана,
түгім жоқ, досым, өзгерген,—
өмірдің ащы азабына да,
мазағына да төзгем мен.
Батырмау үшін арды күнәға
олқылау болса сыбағам,—
тірліктің қапас, тарлығына да,
барлығына да шыдағам.
Тірліктің барша мұз,
қарына да,
ызғарына да ұрынсам,—
тұрдым деп қанша құзда құлама
айтып едім ғой бұрын сан.
Ешкімді жалған мақтамап едім,
ақтамап едім сұмдарды,—
жалғыздық көрген шақта да менің
жанымда, бірақ, кім қалды?
Кеудемде бұққан адал мұндарым
шығармайынша ақырғы үн,
жанымды жеген жарамның барын
жасырып келе жатырмын.
Жасырып елдің жамандықтарын,
жамадым-жасқап,
әрі өңдеп.
Әйтеуір, жерде адалдық барын
дәлелдеп келем,
дәлелдеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәлеледеп келем өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Дәлеледеп келем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәлеледеп келем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәлеледеп келем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері