Өлең, жыр, ақындар

Еркеғали ағама

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 730
Еркеғали Рахмадиевтің 70 жылдығында оқылған өлең

Баяғыдан бағынған әміріңе
жүріп тұр ғой билігің бар ініңе,
атақ-даңқың аспандап кетті бүгін,
жетті бүгін алты алаш қадіріңе!
Қайда барсаң —
қазақтың жақсы ұлдары
құрақ ұша қарсы алды, жатсынбады.
Құшып-сүйіп жатады,
қашан көрсем,
арулар да аршын төс, ақ сырғалы.
Ән мен күйге толтырып аспан астын
жетпіс дейтін жетелі жасқа бастың,
шабытыңды қайтадан қайрап алып,
таусылмайтын тағы бір таспаны аштың!..
Қари білген, жүрекке дари білген
күмбір қағып күйің тұр — нар идірген,
Қазағымның бағына біте қалған
жалқы туар жақсым деп танимын мен!
Көрінгенді көзге іліп, менсінбедің,
Тірлікті де патшадан кем сүрмедің!
Танығысы келгендер тектілікті
Еркеғали ағамды көрсін менің!
Ата қаздай кейде бір дара қанат,
Тәкәппарсып тұрғаның тарана ғап,
Замандасың —
қатарлас үлкен-кіші:
"Ер-ағалап!" — жатады, "Нар-ағалап!"
Шындық болып қашаннан жүгінерің,
оза шауып ортаңнан шығып едің.
Қызметінде жүреді құрақ ұшып
ел билеген еңселі інілерің.
Жүзіндейсің әрдайым жарық айдың,
Дос-дұшпанның бәріне бағың айбын.
Күй тілінде сөйлеткен өзің бүгін
жебей берсін киесі Абылайдың!

2000 жыл. Маусым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сезіп жүрсің

  • 0
  • 0

Көзіңнен таса қылдың ба,
қалқам-ай, мені қас қағым,—
салмағын ішкі мұңның да
сезіпті сенен басқа кім?

Толық

Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін

  • 0
  • 0

Кекшіл тағдыр кертіп алып енді өшін,
тәлкек етті тәңірінің пендесін,—
мұндай күйді дұшпаныңның басына,
қас жауыңның қасына да бермесін!

Толық

Шың

  • 0
  • 0

Алдымызда асусыз бір шың бары,
бір шың бары белгілі,
білсін бәрі,—
жетем деумен,

Толық