Күні кеше – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Күні кеше» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 997
Күні кеше (сөзіме сенші, күнім!)
көргіш едік кісінің кемшілігін,
тергіш едік құрбының кемістігін,
ағаттығын ағаның,
көрші мінін.
Ол да кімге абырой әперіпті,
көргіш едік, әйтеуір, қателікті,—
бадырайтып бетке айтқан сөзімізге
жақынымыз жасыды,
жат елікті.
Осы болар дедік те енді серік,
кісі мінін қайдағы көргіш едік.
Тезге сала қоярмыз деген ойға
көптен бері көңіл де келді сеніп.
Қайран ғана жастық шақ желікпелі,
алды-артыма қаратып көріп пе еді,—
азды-көпті мін болса басымызда
жүре келе жөнделер дедік, тегі.
Кекірейген әлде бір кесір ме едім,
кісі мінін, әйтеуір, кешірмедім.
Сөйте жүре өңмендеп,
өмір өтіп,
енді ғана кіргендей есім менің...
Тасына да тірліктің көніп табан,
кімге ғана, құдай-ау, жолықпағам...
...Енді өзімнен басқаның барлығына
кешіріммен қарайтын болып барам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күні кеше өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Күні кеше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күні кеше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күні кеше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері