Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағы да алдандым-ау, алдандым-ау,
жанымды қайда қоям қалған мынау!
Кім екен шыбынымды шырылдатып,
қылғынтып,
кеңірдектен салған бұрау?!
Қапыда қала беріп, өкіндім-ау,
қан болған қызыл-жоса етім мынау.
Қазіргі көңілім де, өмірім де
қарызға сұрап алған секілді лау.
Кім екен лайлаған ой тұнығын,
қайда жүр өзімдікі дейтін үнім?
Шырадай жанғаны ма қос жанарым,
жалғанның ұнамай тұр кейпі бүгін!
Амалдың құрығаны-ай, құрығаны-ай,
жебем де бұрынғыдай зымырамай,
Қайда жүр: "Қойсаңдаршы!" — дейтін адам,—
заманның кейпі маған тұр ұнамай.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі