Қызығымның былайғы тастап бәрін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қызығымның былайғы тастап бәрін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Қызығымның былайғы тастап бәрін,
келіп еді тағы бір асқақтағым,
бас тартқаның демесең болды, жаным,
қашқақтадым,
амалсыз қашқақтадым.
Сен десем де ендігі салар әнім,
күпті болар күні ертең жара мәлім.
Өте тұра — өзіңді — кезіккенде
көре тұра — көзіңе қарамадым.
Бір иіскесем монтиған анардан кеп,
Қөңіл-итің құнығып,
алар дәндеп.
Қашқақтадым амалсыз қаталатқан
махаббаттан айырылып қалам ба деп!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері