Тұнығым қайда деумен жетіп ішер – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тұнығым қайда деумен жетіп ішер» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Тұнығым қайда деумен жетіп ішер,
ындыным кебе-кебе — бекіді шөл,—
біріміз-бірімізді табамыз ба,
жол жатыр арамызда екі мүшел?!
Кетесің сен ілгері,
мен — кейінде,
білмедім,
ерейін бе,
ермейін бе.
Таласар бұл фәниде кім бар саған,
бар болса —
баяғыда-ақ көрмейім бе!
Майысқан жағадағы талдай мүсін,
шыдайды,
сені көріп,
қандай кісің!
Мұңым ең күндіз-түні қалмай ерген,
шынымен сен де мені алдаймысың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұнығым қайда деумен жетіп ішер өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тұнығым қайда деумен жетіп ішер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұнығым қайда деумен жетіп ішер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұнығым қайда деумен жетіп ішер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері