Қарағандыда

Бұл бетте «Қарағандыда» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 795
Қарағанды – таусылмас көмір кені,
Жазылмаған жыр едің көңілдегі.
Қазынаңа қиырдан бүлкілдеді
Талай­талай тажалдың кеңірдегі.
Үстің де бай, лықсыған астың да бай,
Көзге түспей байлығың жатсын қалай?
Ақсұңқарұлы емеспін, Айтұлымын,
Алып қала, мені де жатсынбағай.
Таптырмайтын қаласың жан баққанға,
Кеншің болды Ғабиден, Әлжаппар да.
Қасым­тұлпар үстіңнен өткен шығар
Арқасына аяздай ер батқанда.
Қалқып ішіп үйіренген балқаймақтан,
Келімсектер кетсін бе кенді аймақтан?
Тағзым етіп кеп тұрмын топырғыңа
Еркеш жатқан дамылдап, Евней жатқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағандыда өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарағандыда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағандыда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарағандыда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері