Нұртілеуге – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Нұртілеуге» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арындап арғымақтай арда күнің,
Алпысқа сен де келдің, нар бауырым!
Жоңғардың жотасындай қары кетпес,
Сыйлаған Тәңір саған кең жауырын.
Арқалап атан тартар ауыр жүкті,
Өткен ғой мына өмірден небір мықты.
Сүйініп туа біткен тұрпатыңа,
Сенен де үлкен үміт елің күтті.
Қастерлеп көне жырын, ескі аңызын,
Іздедің бабалардың басқан ізін.
Разы ат-­анаңның рухы саған,
Ақтадың ел парызын, дос қарызын.
Мінезің орып түсер алдаспандай,
Кім сенің шаужайыңа жармасқандай?!
Жақсыға көңіліңнің төрі дайын,
Жайдары, жаның таза таңғы аспандай.
Келесің түзу жүріп, тура басып,
Адассаң халқыңменен бірге адасып.
Ақсудың толқынындай аласұрған,
Айналдым жүрегіңнен жырға ғашық.
Босамай ауыр жүктен кең жауырын,
Әр күнің аман жүрген олжа бүгін.
Жарқырап атқан таңың, туған айың,
Түсірсін жылдар саған мол жарығын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұртілеуге өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Нұртілеуге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұртілеуге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұртілеуге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері