Жеттің бе қуып, жырынды қайғым –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Жеттің бе қуып, жырынды қайғым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеттің бе қуып, жырынды қайғым,
көріп те қапты төбеңді ел,
мен әлі де сол бұрынғыдаймын,
"Не болып кеткен!" — демеңдер.
Қашқанда сенен қайда барамын
қателігім де көп, тегі
Аспанды қойып,
Айға қарадым,
оған да қолым жетпеді.
Жүрсің-ау деймін жиі есіңе алып,
қалмайсың менен өкшелеп,
Жыныма кейде тиесің анық,
"Тиіспе!" — деуге жоқ себеп.
Қайырыла соғып қарлы бораның —
қатыгез, қатал, қанды аяқ,
күлкімнің қанша алдын орадың,
кеткен бір кегің бардай-ақ.
Сан рет саған қарсы да атылдым.
сау-тамтық қалмай денемде,
қара найзадай шаншыла тұрдым:
"Біттің-ау енді?.. — дегенде.
Қашып та сенен қайда барайын,
өзімнің қайғым — өз мұңым,
күнге қарайын, айға барайын,
сала жүр, қалмай, көз қырын.
Жеткенде қырдан қарлы дауысың
саңқ етті бір ой санамда:
дос-дұшпан күліп,..
қалғымау үшін
қайғы да керек адамға!..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі