Ұлыма
Ұлым менің!
Сен менің сәуле шашқан күнім бе едің.?!
Сен маған "Анашым"- деп, күлімдедің,
Мен саған бақыт тілеп, күбірледім.
Жаным менің!
Өзіңді Аллаһ берген бағым деймін,
Жаныма ертіп алып, томпаң қағып...
Жүргенің есімде тұр, әлі менің.
Күнім менің!
Ақ тілеуім таусылмас тұрса демім.
Ақ сүтімнен қасиет қонса екен,
Көрсем екен күлкісін немеремнің!
Ботам менің!
Анасынан аумаған бет-әлпетің,
Әке ізін басатын ұл боп туып,
Осы әулетті жалғайтын мұрагерім!
Шүкір Алла!
Бастысы ұрпақ бердің...
Енді өтініш... ғұмырын ұзақ еткін!
Денін сау ғып, санасын нұрландырып,
Таусылмайтын жүрекке иман бергін!
Осы аналық тілегім қабыл болып,
Қос дүниенің бақытын бірдей көргін!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі