Арланын арыстанның қырғиы ілген – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Арланын арыстанның қырғиы ілген» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Арланын арыстанның қырғиы ілген
аңшыдай әңгіме айтып тілді үйірген
отыр ем топ ішінде жарқылдап тек,
тиісті ол арпылдап кеп бір бүйірден.
Жаңағы жайма-шуақ шырқымызды,
арылдап, дарылдаған күлкі бұзды, —
пердесін бетіндегі сырып тастап,
шынжырын мойнындағы жұлқып үзді.
Тірліктің наласы мен нарқын дәттеп,
отыр ек әңгіме айтып, ән тыңдап тек,
ұрынып анаған да, мынаған да
төбеттей тиіскені-ай арпылдап кеп!..
Болғандай зиялының бірі десе,
сыпайы-ақ жігіт еді күні кеше,
білмей де кетер ме едік кім екенін,
отырған орындығы шірімесе.
Кім білсін, аттан түсе кеткен бе есі,
сырылып шыға келді бет-пердесі,
біз түгіл,
түрін көріп түңіліп тұр
кешегі келдектесі, кетпендесі.
Бет қайда,
бедел қайда,
пошым қайда? —
баласы пошымынан шошынбай ма?
"Өмірде не болмайды?" — десек тағы,
тіліңді тістейсің кеп осындайда!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арланын арыстанның қырғиы ілген өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Арланын арыстанның қырғиы ілген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арланын арыстанның қырғиы ілген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арланын арыстанның қырғиы ілген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері