Әнші құсым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Әнші құсым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 831
Орнынан қозғалақтап ұраншы ұлыс,
бергеннен құлан иек қышаң шығыс,
түбінен тереземнің шыр-шыр етіп,
шырылдап оятып жүр бір әнші құс.
Күннен де қабағымды бұрын бағып,
таң атпай оятады ол шырыл қағып, —
беріліп біржолата сиқыр ымға,
біразын ұйқының да шығындадық.
Сағыныш,
сазы бөлек арманға еріп,
тұрғаны шыр-шыр етіп,
таңнан келіп,
түстеп те танымадым,
тек қана бір
бармақтай құс екенін қалғам көріп.
Түбіне тереземнің күнде қонып,
біресе шырқап ұзақ,
бір бөгеліп,
кім білсін,
пәле-жала дегендерден
болып ап шынашақтай
жүр ме қорып?!
Таңдайы талайғы бір сырды аңғартып,
кетеді кейде тіпті жылдамдатып,
кім білсін,
бізге де олжа үлестіре,
жетті ме ілестіре қырдан бақыт!
Төгіліп сөзіме гүл,
көзіме нұр,
бақыттың орай соғар кезі ме бұл, —
әйтеуір, қызық екен құс үнімен
таң атпай оянудың өзі де бір!
Жақсылық болар-ау деп ырымдайды ел,
ендеше,
әнші құсым, шырылдай бер,
келе бер танды атырып.
кеш батырып,
әйтеуір,
басқа жаққа бұрылмай кел!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әнші құсым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Әнші құсым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әнші құсым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әнші құсым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері