Тіршілік тұнығынан қанып ішкім – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тіршілік тұнығынан қанып ішкім» атты Сәкен Иманасов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Тіршілік тұнығынан қанып ішкім
Келді ме,
осы жолы алып-ұштым,
Жанымды барады өртеп, қарағым-ай,
жарығы саған деген сағыныштың.
Әйтеуір саған қарай ұштым бүгін,
қаттырақ құшағыңа қыстың, күнім,
Жанарың жарқ-жұрқ етіп,
жарқ-жұрқ етіп,
Жаз етіп жібереді ме қыстың күнін!
Ерсілеу болғаны ма жасығаным,
еркелеп мойыныңа енді асыламын.
Сырымды,
жырымды да саған жазған,
тезірек жеткізуге асығамын.
Тамылжып тәтті нұрға малынып күн,
болмасын сенсіз өмір тағы да ұқтым.
Қылт етпе қылығыңды,
мінезіңді,
әйтеуір, бір өзіңді сағыныппын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіршілік тұнығынан қанып ішкім өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тіршілік тұнығынан қанып ішкім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіршілік тұнығынан қанып ішкім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тіршілік тұнығынан қанып ішкім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері