Өлең, жыр, ақындар

Аэроплан

  • 22.11.2015
  • 0
  • 1
  • 3317
Жаңа оянған жас қазақ,
Қонақ келді ордаңа.
Қонағыңды құрметте
Көрсетсін үлгі далаңа...
Айтайын ба, ертені,
Баяғыда ертегі,
Ертегі еске салғалы
Есептесең ерте еді.
Ертегінің қиялы,
Болжап еді қияны,
Сол қиялдан ұл туды,
Болды ма кәне зияны.
Ертегіде бір жас ер
Аралапты талай жер.
Жол іздеген жігітке
Кез болыпты дуакер.
Оқымысты дуакер,
Өнерлі екен тым шебер,
Жан салыпты кілемге,
Жаяу жүрмін дегенге.
Кілемге жігіт мініпті,
Аспанға ұшып шығыпты,
Қиялмен ұшқан кілем-ат,
Дүниенің төрт бүрышын
Сонымен жігіт көріпті.
Қап тауынан қауіпті,
Сүйгенін жігіт тауыпты.
Талай теңіз, талай тау,
Бөгет болмай қалыпты.
Сол заманның киялы
Білімменен іске асты.
Аспанға ұшып адамзат,
Ай, күнменен тілдесті.
Аэроплан - ұшқыр құс,
Сәуледен озып өткен құс,
Еңбекшілер дүниесін,
Көгертетін осы күш.
Жаңа оянған жас қазақ,
Қонақ келді ордаңа.
Қонағыңды құрметте,
Көрсетсін өнер далаңа.



Пікірлер (1)

Адемі

Маған Иса Байзақовтың барлық өлендері ұнайды.Және шығармалары,яғни Иса маған қатты ұнайды

Пікір қалдырыңыз

Ажар - комсомол

  • 0
  • 0

Бүгін Ажар гүл-гүл жанад,
Екі беттен нұры тамад,
Клуб сыймай лық-лық толып,
Әйел біткен масаттанад.

Толық

Сегіз жаста ұлы октябрь

  • 0
  • 0

Жаудың қанын судай шашқан күн.
Қара пейіл арам жұрттар жеңіліп,
Езілгендер қуанып үн қосқан күн.
Тұтқындағы өзгерістің ұлдары,

Толық

Қарашы домбыраның еркесіне

  • 0
  • 1

Қарашы домбыраның еркесіне,
Исаның шығып алды желкесіне,
Домбыра - екі ішекті, тоғыз перне,
Арқаның кез болдың ғой серкесіне.

Толық

Қарап көріңіз