Көңілім сені "құрбым" демеді – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көңілім сені "құрбым" демеді» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Көңілім сені "құрбым" демеді,
бір күнге мені кешерсің,
бауырыма басып тұрғым кеп еді,
балбырай түссем —
несі ерсі!
Айналдым сенің ақ білегіңнен,
мойныма келіп асылған,
Жұмылып көзім тәтті лебіңнен,
жұпар аңқыды-ау шашыңнан.
Қалтырай берген, қарғадай күнім,
тұла бой толы дірілдеп,
алдап та сулап,
арбамай бүгін
алдыма келген түріңнен!
Құшаққа күткен келіп-ақ кірдің,
қымсына берме текке сен,
өліп-ақ тұрмын,
көніп-ақ тұрмын
құрбаның болып кет десең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері