Табиғат мінезді етіп берсе тілді – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Табиғат мінезді етіп берсе тілді» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1164
Табиғат мінезді етіп берсе тілді,
ойлап ем мінезді өлең көрсетуді.
Жақындап кетіп едің — бұрқ еттім мен
талайдан жан баспаған жол секілді.
Көп жаннан көрінеу қаштым, сырт бекіндім,
болғам жоқ арасына ірткі екі ұлдың,
Ақ бу боп үлп етіп ең — түйілдім мен
толассыз жауатұғын бұлт секілді.
Пісіріп жеп жүрмін өз сөзімді асып,
өзге ойым жоқ қарасаң көзіңді ашып.
қуанам өз бұлтымды өзім қуып,
мұңаям өз шаңымды өзім басып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері