Өлең, жыр, ақындар

Бір күрсінген шағымды көтерер ең ой етіп

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1086
Бір күрсінген шағымды көтерер ең ой етіп,
бір жымиған шағымды өткізер ең той етіп,
Қияр едің бәр-бәрін жалғыз сөзім үшін сен —
О, дариға-ай, мен жазған жалғыз сөзге түсінсең!
Түн тып-тымық, көктымық, айналаның бәрі үнсіз —
неткен мезгіл түк ойсыз, неткен мезгіл дарынсыз!
Шөп байғұстар шұрқырап табыспақ боп көп күтті,
бірақ оған "дем" берер самалың да жоқ тіпті.
Тек көкжиек еріні бозғылт тартып тұр күліп,
тіл ұшында жалғыз сөз жатқан сын-ды іркіліп.
Түк түсінбей тұр білем мынау аспан, мынау жер —
жыпық-жыпық етеді жұлдыздардың кірпігі.
Бұл тыныштық, немене, тыныштық па алдаушы, —
көкжиектің кенеттен шығып кетті "жан даусы":
атып шықты алтын ай — алтын сөздей бір ауыз,
ақымақтың аузынан шығып кеткен аңдаусыз.
...Құстар ұшты жылу іздеп, жылы жаққа жетті кеп,
мен де кеттім ғылым іздеп, тай-талапты тепкілеп.
Құс ізінен аспанымда ақ-аяң бір жол қалды, —
қайғы мен ой бұтағына ұя салып мен қалдым.
Құстар ұшып кетіп жатыр, келіп жатыр бұ жерге,
Мен отырмын шау-қыранша ұя бағып, тізерлеп.
Қарт Алатау сақалына қатқан қарды лақтырды, —
соған қарап мына менің самайыма ақ кірді.
Өмірбаян сұрар болсаң: жәйім осы,
тек, досым,
жұрт көңіліне салған ұям салқын тартып кетпесін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күрең қыз

  • 0
  • 0

Күрең көйлек кигенің үшін сені
Күрең қыз деп соңына түсуші едім.
Құлағыңа шейін бір қызартып ап,
күрең қыз деп күлуші ек біз артынан.

Толық

Хабаршы

  • 0
  • 0

Жаңалық!
Жаңалық деп аттан салып,
жаңаны жұрт со күндер қатты аңсады...
Қара жел, ақ қар жайлы Блок толғап,

Толық

Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда

  • 0
  • 0

Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда,
ой сиқы жоқ ойдың да: қиқым, майда.
Кімге обал, мен кімге сый істедім,—
түсінбедім, темекімді иіскедім.

Толық

Қарап көріңіз