Бейiлiм саған деген берiштендi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бейiлiм саған деген берiштендi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 748
Бейiлiм саған деген берiштендi,
Көлгiрсiме,
Көзге iлме,
Көрiспе ендi.
Бұл дүниеден не қайыр, не үмiт бар,
Iбiлiс иектесе «перiштемдi»?
Өткiншi,
Бəрi өтiрiк,
Бəрi жалған!
Сағыну, өлiп-талу – сағым, арман...
Баз кешiп бəр-бəрiнен,
Бақиға енiп,
Дамыл алған жөн шығар, дамыл алған.
Көп екен дүние сыры мен ұқпаған,
Iшiне қара түннiң енiп барам.
Қойнынан қара түннiң күнə арқалап
Сен ендi əуре болма келiп маған.
Келгенмен ене алмайсың iшiме ендi
(болғанмен түрiң түзiк, түсiң өңдi).
Бiрi аяр, бiрi сиқыр сылқымдардың
Қаншасы түн iшiнде түсiме ендi...
Түбiмдi (түрiмдi емес) түсiнгенмен,
Бəрi де iшiмде өлген, iшiмде өлген!
Сен де соның бiрiсiң,
Бiр көргенге
Перiште, Перуайым пiшiнденген.
Сенбеймiн!
Екi жалған – ендi арамыз,
Сенгенмен сергелдеңге жем боламыз.
Мен жоқпын,
Мен жайында ендiлiкте
Естiрсiң желден дерек, елден аңыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейiлiм саған деген берiштендi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бейiлiм саған деген берiштендi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейiлiм саған деген берiштендi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейiлiм саған деген берiштендi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері