Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы...
Жүк артпашы жүрекке жан аяшы –
Құшағымда жатқанда ес жия алмай
Жиырмасыншы ғасырдың Данаясы!
Арбауына айналар адам басы
Қажет пе едi алтынның маған бəсi –
Құшағымда жатқанда жанып-ысып
Жиырмасыншы ғасырдың Мадоннасы!
Инабаты,
ұлғайып iзгi лебi
Жүз қуанып, жүрегiм жүз күледi –
Құшағымда жатқанда ерiп-балқып
Жиырмасыншы ғасырдың Қыз Жiбегi!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тəркi дүние. Түн қойны. Таң аясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері