Өлең, жыр, ақындар

Сыйлық алғанда

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1495
Сыйлығың құтты болсын, жерлес ақын,
Ешкімге бас бәйгені бермес ақын.
Қыз түгіл, жігіттердің арасында
Жоқ дегем Күләш қызға теңдес ақын.
Орнықты ойларымен ерен мығым,
Бұл сөзді Сәбит айтқан менен бұрын.
Кеші жоқ игіліктің деген рас,
Жемісін сол ойлардың көрем бүгін.
Айтыста Ұлбике апаң төске өрлесе,
Күләшім қара өлеңде дес бермесе,
Мен неге шалқып-тасып мақтанбаймын,
Өзгелер ескермесін ескермесе.
Жанымды ұғынбаған жан ағайын,
Мен бір жан жапанда өскен дара қайың.
Ойым жоқ ешкімді де қаратайын,
Күндерім өтіп жатыр қарапайым.
Менің де қанатым бар қағатұғын,
Менің де биігім бар алатұғын.
Айтқандай Мұқағали Фаризаға,
Бұл саған мұңым емес шағатұғын.
Біреулер шабақ ілсе қара судан,
Тайынбас кит алдым деп таласудан.
Мен неге шалқып-тасып мақтанбаймын,
Шын талант шығып жатса Таласымнан.
Бұл сыйды билік емес, халық берген,
Теңдессіз талантыңды танып көрген.
Қызғалдақ қыз да болсаң нәзік жанды,
Өзіңнің алып күшің алып берген.
Сыйлығың құтты болсын, жерлес ақын,
Ешкімге бас бәйгені бермес ақын.
Өнердің аспанында жұлдыз болып,
Жарқырап жана берсін сөнбес атың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкек пен бүркіт

  • 0
  • 0

Сен Бұлбұлсың деді Бүркіт Көкекке.
Жаңа атақпен ерекше
Қонды Көкек терекке,
Өз өнерін танытпақ боп ен көпке,

Толық

Бала киік

  • 0
  • 0

Алай-түлей дауылда,
Көк түтеген жауында,
Бала Киік адасып,
Тап болды бір ауылға.

Толық

Адам туралы жыр

  • 0
  • 0

Сен шын адам екенсің –
Болаттан да бекемсің.
Шындықпенен өрілген
Шетілмейтін шетенсің.

Толық