Ерке қыз-ау, елгезек, елiк көңiл – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ерке қыз-ау, елгезек, елiк көңiл» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 911
Ерке қыз-ау, елгезек, елiк көңiл
Жұмақстан жұртынан келiп пе едiң?
Желiккенiм, əлде, бұл, елiткенiм –
Қабағыңа қараудан зерiкпедiм.
Айымбысың,
Қарғам-ау, қайыңбысың?
Майысады ырғалып мəйiн мүсiн...
Қас пен көздiң арасы қайдан келдiң
Қанатыңды қаққылап қайыл құсым?
Түсiмбiсiң,
Жаным-ау, өңiмбiсiң?
Өзiңбiсiң өлеңiм – көңiл құсым?
Қыз Жiбек пен Төлеген тəрiзденген,
Жар iздеген жiгiттiң теңiмiсiң?
Зеңгiрмiсiң,
Зермiсiң,
Зеренбiсiң?
Теңiздейiн тұңғиық тереңбiсiң?
Мен iздеген əлде ақық өлеңбiсiң?!
Қалмайыншы көз жазып сенен құсым.
Келдiң ұшып қай жақтан қас-қағымда
Кезiкпеген құсым-ау жас шағымда?
Керегедей керiлiп көкжиегiм,
Кеңiп салды-ау лезде аспаным да!
Қалшы осында,
Кетпешi,
Үрiкпешi.
Уылжыған көңiлдi iрiтпешi.
Ажарыңа болайын мен-ақ қайыл,
Назарына өзгенiң iлiкпешi...
...Қанатыңды, құсым-ау, қаққаның не?
Қайырылмай ұшып бара жатқаның не?
Көк мұнарға айналып кеткенi ме,
Көз алдымда көлбеген əппақ дүние?..
Көк төрiне,
құсым-ау, кеткенiң не,
Көрiк болмай көңiлдiң көктемiне?
Өрiм қыздың бiзден де өткенi ме,
Қоңыр күздiң бiзге де жеткенi ме?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерке қыз-ау, елгезек, елiк көңiл өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ерке қыз-ау, елгезек, елiк көңiл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерке қыз-ау, елгезек, елiк көңiл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерке қыз-ау, елгезек, елiк көңiл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері