Сол бір ауыл – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Сол бір ауыл» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1797
Жер бетінде бір кішкентай ауыл бар,
Сол бір ауыл – туған жерім, бауырлар.
Жылдар жылжып, жатса да өмір жаңғырып,
Сол ауылға басымды ием мәңгілік!
Мен білмеймін бармаймын ба, барам ба,
Туған жерден қымбат бар ма ғаламда.
Сол ауылда менің Меккем-Мәдинем,
Сол бір ауыл – менің әкем, анам да!
Көзім салып кең дүниеге қарадым,
Жұпар қандай жусан исі даланың.
Сол ауылда көзімді аштым алғаш мен,
Сол ауылда қаз-қаз басқан қадамым.
Жер бетінде бір кішкентай ауыл бар,
Сол бір ауыл – туған жерім, бауырлар.
Ондай жер жоқ, бір мен үшін әлемде,
Ұшқан құстар сол ауылға сәлем де.
Әжем айтты асыл сөзді: «қарағым»,
Қасиетін көрдім ұлы даланың,
Сол бір ауыл, сол ауылда бала кез
Өмір бақи шөлдеп өскен баламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол бір ауыл өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сол бір ауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол бір ауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол бір ауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері