Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 693
Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап,
Əппақ, ару ажарыңа ай ұқсап,
Айлы кеште су перiсi – өзiңмен
Арғы бетке өтер ме едiм қайық сап.
Ақ жағалау,
Мөлдiр айдын,
Белең көк...
Жасыл құрақ жəутең-жəутең елеңдеп,..
Жүректегi қатқан шердi шемен боп,
Бiр-ақ сəтте жiберсең-ау сен емдеп;
Ақ боз мұнар құшағына ап тымық,
Айдын бетi шарайнадай пəк тұнып,
Бiлегiмдi жастанып сен жатсаң-ау,
Жəудiр көкке жанарыңды лақтырып...
Сен Лəйлiге,
Мен Мəжнүнге елiктеп,
Шөлiркесем көзiм жұма төнiп кеп –
Құшағымда қорғасындай балқы да,
Ерiнiңнен өпкен сəтте – ерiп кет!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері