Кеңістікті жырлаймын – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Кеңістікті жырлаймын» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2295
Қаншама жыл тұрсамдағы қалада,
Ешнәрсені теңгермеймін далама.
Егделердің есебіне кірген соң,
Бірте-бірте ыстық болып барама?!.
Мен, әйтеуір, бір ерекше күйдемін,
Елемейтін болдым тірлік күйбеңін.
Көңіл шіркін алабұртып тұрады,
Ғашық жандай іздеп жүрген сүйгенін.
Қырдан қашан аулақ салдым іргені?
Осынау ой көп мазалап жүр мені.
Кеңістікте еркін өскен ұланның,
Қиын екен тap жерде өмір сүргені.
Үй-жайым бар және жақсы жұмысым,
Бұл жөнінде айтпас жанның бірі сын.
Алайда, бір еркін ауа жұта алмай,
Жиі-жиі тарылып жүр тынысым.
Осы дала жұмсақ төсеп жөргекті,
Талбесікте мені баппен тербепті.
Өмір солай - көлгірситін жайым жоқ,
Болмадым деп азаматы көрнекті.
Отыз бес жыл тұрғынымын қаланың,
Бірақ. Бірақ. Дала-менің алаңым.
Тұңғыш жырым «Кеңістік» дeп аталды,
Кеңістіктің жыршысы боп қаламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңістікті жырлаймын өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Кеңістікті жырлаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңістікті жырлаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеңістікті жырлаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері