Қара қасың қиылған айқабақта – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қара қасың қиылған айқабақта» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1006
Қара қасың қиылған айқабақта.
Мен қарасам, көзiңдi тайғанатпа.
Қара құстан жүрейiн қорғалақтап,
Бала құстай алдымда айналақта.
Айқабақта қиылған қара қасың.
Мен қарасам байқамай баратасың.
Тақияңа мендей жан тар келе ме?
Кiмдi сүйiп, кiмдi енше жаратасың?
Бiлдiрмеген боласың, сездiрмеген,
Көргенiңмен боласың көзге iлмеген.
Өз-өзiңнен аса алмай жүргенiңде
Өтiп кетiп жүрмесiн мезгiл деген.
Сездiрмеген боласың, бiлдiрмеген,
Қандай сыр бар дiлiңде тiл күрмеген?
Қансонарда iз баққан аңшыдайын
Əлде босқа алаңдап жүрмiн бе мен?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара қасың қиылған айқабақта өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қара қасың қиылған айқабақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара қасың қиылған айқабақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара қасың қиылған айқабақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері