Махаббат көлі мұңайды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Махаббат көлі мұңайды» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1248
Қарлығаш қанат қыз едiң,
Үмiттi қалай үземiн?
Көңiлдiң мөлдiр көгiнде
Аққудай жалғыз жүземiн.
Жалғыздық жанға жаман, ə –
Жабырқап тұрмын жағада.
Оралармысың қайтадан,
Ақ қанат ару шағала?
Жанардан жаңбыр жауар ма,
Жайыңды, қалқам, хабарла.
Жүздеспей жүру жалғанда
Саған да қиын, маған да.
Көгiмнен жұлдыз құлайды,
Өткiздiм талай күн, айды...
Аққуын аңсап келетiн
Махаббат көлi мұңайды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат көлі мұңайды өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Махаббат көлі мұңайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат көлі мұңайды өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат көлі мұңайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері