Сыздамашы, жүрегiм, сыздамашы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сыздамашы, жүрегiм, сыздамашы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 881
Сыздамашы, жүрегiм, сыздамашы,
Қарағанмен қиылып қыз баласы.
Ол құрғырлар деймiсiң саған ерер,
Қарағанмен, қол бұлғап қала берер.
Мықтыны да тұқыртып тұтқынында
Өз дегенiн Уақыт ұқтыруда.
Құлдық ұрып еркiне көнсеңiз де,
Жиырма бес пен опа жоқ Он сегiзде.
Алабұртпа, көңiлiм, алабұртпа,
Сабаңа түс, шөлiң бас, шарап ұртта.
Елгезегiм, елпiлдек, елеңшiлiм,
Уақыт жасырмайды сенен шынын:
Мұңын шағып мұхит та жағасына,
Тулап-тулап түседi сабасына.
Аса алмай өзендер де арнасынан,
Амалсыз, адасса да, алға асығар.
Таулар да – төбесiне бұлт қонған,
Тiл мен жақтан айрылып, тынып қалған.
Дала да етек-жеңiн күлтелеген
Жете алмай көкжиекке дiңкелеген.
Сөз саптап кеттi деме кемеңгерше –
Сен дағы тұтқындасың өле-өлгенше!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыздамашы, жүрегiм, сыздамашы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сыздамашы, жүрегiм, сыздамашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыздамашы, жүрегiм, сыздамашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыздамашы, жүрегiм, сыздамашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар