Зеренді

Бұл бетте «Зеренді» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 557
Жағасын жалатқан зерменен,
Толқынын жұпар жел тербеген,
Құшағын құмарлық кернеген,
Аспаны астасқан жерменен
Мен мұндай ғаламат көрмеп ем,
Сол енді...
Сен болдың, Зеренді.
Тосыннан келгенге ой тастар,
Толқындар өр кеуде, ойқастар,
Қасқайып қарайтын қой тастар,
Қайыңдар қайыңға айқасқан,
Тәкаппар тірліктер шайқасқан,
Сол енді...
Сен болдың, Зеренді.
Үстіңнен сағымдар жылжыған,
Астыңнан ағындар зырғыған,
Құлагер сияқты шұлғыған,
Орманың «ойпыр-ай» жыр буған
Жаралған болар ма нұр будан,
Сол енді...
Сен болдың, Зеренді.
Өзіңмен өлшейін өремді,
Өзіңнен таниын тереңді.
Толқының тулап бір жөнелді,
Мен соған салайын кемемді.
Ақындай толғатқан өлеңді,
Сол енді...
Сен болдың, Зеренді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зеренді өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Зеренді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зеренді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зеренді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері