Жай-күйiне кiм алаң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жай-күйiне кiм алаң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Жай-күйiне кiм алаң
Жабырқаулы ақынның?
Жүрегiмдi жылаған
Жұбата алмай жатырмын.
Көңiлiм-ау, үр жаңа,
Қандай күйге кезiктiң?
Менен шаттық бiржола
Кеткенi ме безiп тым?
Жанарым да жiбiп тұр,
Жас тұнған ба, о несi?
Əлде, əлде... Үмiттiң
Қайырлады кемесi?..
Тұнық көңiл, пəк көңiл
Бұзылды ма нiлдейiн?
Тамылжыған тəттi əнiм
Үзiлдi ме, бiлмеймiн...
Жарық күнiм дiн аман
Жоғалды ма түнге енiп...
Жүрегiмдi жылаған
Жұбатады кiм келiп?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жай-күйiне кiм алаң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жай-күйiне кiм алаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жай-күйiне кiм алаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жай-күйiне кiм алаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері