Бұл бетте «Қазақстан» атты Иса Байзақов жазған отан туралы өлең берілген.
Бір кезде артта қалған Қазақстан,
Отарлап, үн шығармай патша қысқан,
Советтің ұлы теңдік арқасында,
Өлшеусіз табысым бар белден асқан.
Қат-қабат қалың байлық өндірісім,
Дамыды күн-күн сайын еткен ісім,
Дәуірдің социалистік қазынасы,
Қайнаған дүсір қағып табыс күшім.
Қарсақпай, Қарағанды, Қоңырат, Ақжал,
Орал мен Балқашыма көзіңді сал!
Мыңдаған колхоз-совхоз өндірісім,
Бәрі асыл, бәрі табыс таңдауын ал.
Марфуға
Өлең өте мағыналы екен