Бiр тамшы көздiң жасындай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бiр тамшы көздiң жасындай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1404
Құмарым қойды-ау басылмай,
Қабағым сенсiз ашылмай.
Көркiңнен əзiз айналдым
Бiр тамшы көздiң жасындай.
Жабырқап жүрем жəйдан-жай
Жанымды қояр жай болмай,
Алдымнан күлiп шықпасаң
Аяулым менiң ай маңдай.
Бейiл де бермей, бездiрмей,
Бейсəубет жанды көзге iлмей,
Өзгеше күйдi мендегi
Өзiң де, жаным, сездiң ғой?..
Лəззатың болса шекердей,
Қайғың да маған жетердей:
Аһ ұрған сайын жүрегiм
Аузымнан шығып кетердей!..
Жайымды айтсам жасырмай –
Жағдайым менiң осындай,
Жаным-ау, менiң мөлт еткен
Бiр тамшы көздiң жасындай...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері