Қанат талды – Иса Байзақов

Бұл бетте «Қанат талды» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3230
Ән сұлу күндей күліп сорғалаған,
Бұлбұлдай сайрап жүріп қорғалаған,
Жымиып күле қарап айлы аспанға,
Сызылтып тоқсан түрлі жорғалаған.
Ырғалтып мың құбылтып шырқағанда,
Үзілтіп он екі алуан ән салғанда,
Қалықтап ұшқан дауыс төмендемей,
Аспанда қанат талды толғағанда.
Әндердің ұлы атасы «Қанат талды»,
Арқада ақыратып Сейтжан салды,
Қоңырлап құйқылжыған ырғағына,
Сүйсініп, естігенде жұрт таң қалды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері