Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 542
Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң...
Дертiме дауа iздедiң, дəрi бердiң.
Қидың-ау маған бола ғұмырыңды,
Үйдiм-ау бiр басыңа əбiгер, мұң,
Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң...
Апырай, сəнi екен ғой Аққу көлдiң?!
Əп-сəтте Аққу сынды ақ түрге ендiң.
Шер-мұңмен шегендеулi шермендеңе
Ернiңнен ерiп-балқып тəттi у бердiң.
Түбiне тұңғиық бiр баттым көлдiң...
...Түс көрдiм, қара судан қайық көрдiм,
Қасыма қанатыңды жайып келдiң.
Қолыма қона берiп ұшқан құстай
Тағы да ғайып болдың, ғайып болдың,
Жердi емес, көктi, бəлкiм, лайық көрдiң.
Ғайып болдың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері