Бiр бiлерiм: бұл өмiрде Сiз барсыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бiр бiлерiм: бұл өмiрде Сiз барсыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 557
Бiр бiлерiм: бұл өмiрде Сiз барсыз,
Содан ба екен қыс та айбарсыз, ызғарсыз.
Сұлулықтың сұсы, мысы басқандай
Суық жел де сумаңдамас күзгi арсыз.
Сiз аманда,
Бұл жалғанда Сiз барда
Бұлың дүние құлын қалпын бұзған ба:
Айым менiң сүттей тамып аспаннан,
Күнiм менiң күлiп шығар құздан да.
Iздегенде таппай қалсам Сiздi мен,
Жұлдыздарға үнiм өшiп үздiгем.
Кiрпiктерiм айқасады баз бiрде
Көз жасымды өткiзгендей сүзгiден.
Дегбiрсiздi дегенiне көндiрген
Дерегiңiз қашан жетер зеңгiрден?
Бұл жалғанда күнi құрсын пенденiң
Күндiз-түнi көкке көзi телмiрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бiр бiлерiм: бұл өмiрде Сiз барсыз өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бiр бiлерiм: бұл өмiрде Сiз барсыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бiр бiлерiм: бұл өмiрде Сiз барсыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бiр бiлерiм: бұл өмiрде Сiз барсыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері