Бойжеткеннің жүрісі – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бойжеткеннің жүрісі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 815
Ұшып бара жатқандай қалқып қана,
Қолында ма қос қанат?
Қолтықта ма?
Қолаң шашы төгiлген хордың қызын
Ей, дүние, үркiтпе, қорқытпа да!
Жүзiп бара жатқандай жəйлап қана,
Айдынға да көз тастап,
Айлаққа да.
Қасы-көзi қиылған қарағымды
Қарауылға қайтесiң байлап, бала?!
Ақ тамақты ару қыз, қара меңдi
Қай мекеннен адасып, дара келдi?
Қалтаңдаған қария,
Көкешiме,
Көзiң өтiп кетедi, қарама ендi!
Алдында – арман,
Аялсыз алдында Уақыт
Осы ма екен баянсыз балғын бақыт?
Сiлекейi шұбырған ей, Бозбала,
Неменеге сiлейiп қалдың қатып?
Асфальтыңыз айналып алақанға
Дəн тосқандай Көгершiн – балапанға.
Қауызына түсiрмей қара таңба
Сəуiрден гүл жетсе екен Саратанға…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойжеткеннің жүрісі өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бойжеткеннің жүрісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойжеткеннің жүрісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойжеткеннің жүрісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері