Сен өрімдейсің – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен өрімдейсің» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 826
Сен өрімдейсің,
Көктемнің жаңа шыққан көгіндейсің.
Көңілім көксегенмен,
амалым не,
Көзіме күнде менің көрінбейсің.
Сен – тəтті армансың,
Бір отты жүрегіме жаққан жансың.
Қолыма талай рет қонайын деп,
Жалт беріп көз ұшынан жоқ болғансың.
Сен еліктейсің,
Жеңіңнен жел тартса да желікпейсің,
Жалғанда жанға айтпаған жан сырымды
Жаным-ау,
жанарымнан неге ұқпайсың?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен өрімдейсің өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен өрімдейсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен өрімдейсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен өрімдейсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері