Сыбызғы үндi, сырнай сазды, Сырғалым

Бұл бетте «Сыбызғы үндi, сырнай сазды, Сырғалым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 972
Сыбызғы үндi, сырнай сазды, Сырғалым,
Сiздiң жаққа бейiлiмдi бұрғаным:
Тылсым көктен тыншу бермей тiл қатып,
Ұйқыңызды келсе қайтем ұрлағым?
Кезiңiздi, көзiңiздi күншуақ
Көргенiмше көңiл қалай тыншымақ?!
Арқа-жарқа Арқа жақта жүрсiз-ау
Жүзiңiздi аяз сорып, шымшылап.
«Арқа қалай, қалқа қалай?» – деп iштен
Шер тарқатқам,
Шеген тартқам,
Шер iшкем…
Тағдырымның Тəңiр сызған таңбасы –
Пешенеме бұйырса екен Перiштем…
Мойныңызға орап əппақ бөкебай
Жұрт iшiнде жүрсiз бе екен, көкем-ай.
Қоңыр күзде қош айтысып қалғалы
Қолым сiзге жетпей қойды-ау, о, тоба-ай!..
Арамызға ақ қар, көк мұз – түстi ай, күн.
Қайсiбiрiн уысымда ұстаймын?
Сыңсып ұшқан сыңарынан айрылып,
Қараша үйде қалып қойған құстаймын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыбызғы үндi, сырнай сазды, Сырғалым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сыбызғы үндi, сырнай сазды, Сырғалым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыбызғы үндi, сырнай сазды, Сырғалым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыбызғы үндi, сырнай сазды, Сырғалым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері